Жаңалықтар

Мұнайшылар талабы — кәсіподақ назарында

Ақтөбеде кәсіподақ мүшелері жұмысшылардың еңбек құқығын ескерусіз қалдырмайды. Күнделікті мониторинг аясында облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы Алтынбек Әмірғалиев Мұғалжар ауданы аумағында орналасқан Жаңажол кен орнына барып, жұмысшылармен кездесті.

Сапар барысында орталық өкілдері «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ және «СНПС-АТК» ЖШС қызметкерлерінің талап-өтініштерін тыңдады. Кездесуге жұмыс берушілер де шақырылды.

Шаракезінде компания еңбеккерлері жалақының төмендігі, сыйақының жоқтығы, вакцина және ПТР-тест туралы өздерін мазалаған мәселелерін ортаға салды.

Өз кезегінде кәсіподақ жетекшісі еңбеккерлерді толғандырған сауалдардың оң шешімін табуға атсалысатынын айтты. Артынша еңбек дауыналдын алу және реттеу мақсатында кәсіподақ орталығының төрағасы жұмыскерлермен түсіндіру жұмыстарын, сондай-ақ жұмыс берушілермен келіссөздер жүргізді.Нәтижесінде компаниялар басшылығы вакцина алмаған қызметкерлерге, соның ішінде аллергиясы, созылмалы аурулары барларға ПТР-тест шығындарын өтеуге, сондай-ақ сыйақы төлеуге уәде берді.Сонымен қатар жақын арада жалақыны көтеру мәселесі шешілетініне сендірді.

Алау АЙБЕКҰЛЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button